Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауқымды акцияға балалар да атсалысуда

0 1  241

Тараз қаласында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Экологиялық науқанға оқушылар да белсене қатысуда.

Айталық, акция аясында 600-ден аса мектеп оқушысы қоқыс қалдықтарынан қолөнер бұйымдарын әзірлеген. Жуырда олардың еңбектері «Көне Тараз» этномәдени кешеніндегі көрмеге қойылды. Тараз қаласы білім бөлімі Техникалық шығармашылық орталығының шәкірттері алдағы уақытта да экологиялық науқанға үлесін қосып, шығармашылықтарын шыңдауға ниетті.
Бұл күні жас ғалымдардың инновациялық жобалары да көпшілік назарына ұсынылды. Оқушылардың идеялары экологияны жақсартып, адамдардың тұрмыс-тіршілігін арттыруға негізделген. Мәселен, Тараз қаласы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Д.Тарасенко «Жаяу жүргіншілер өткелдерінің қауіпсіздігін арттыру», Меркі ауданы М.Әуезов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Ж.Жеңісхан «Таза қала сізден басталады», Жуалы ауданы Ә.Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушысы А.Оңдасын «Ақылды есо-жылыжай», Меркі ауданы №44 мектебінің оқушылары А.Еркінқызы мен Ө.Еңсебек «Екінші өмір сыйла!» атты қоқыс өңдейтін зауыттың жобасын таныстырып, жоғары баға алды.
Көрмені Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков аралап көріп, ризашылығын жеткізді.
Ауқымды акция жыл соңына дейін жалғасып, тұрғын үйлер, жолдар, демалыс саябақтары абаттандырылып, жөнделеді.

Досымжан БЕРДІХАН,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Конвергентті журналистика» білім беру бағдарламасының
3-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.