Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ауғанстан – біздің жадымызда»

0 500

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай Абай атындағы орталық кітапханасында ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, және жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Ауғанстан – біздің жадымызда» атты кездесу кеші өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл облысы және Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағының төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері, қоғам белсендісі Дүкенбай Ермеков және ауған ардагері Ералы Сұлтан қатысып, өмірлерінің өлшеулі бір бөлшегін, жауқазын жастық шақтарының үлесін оқ пен от арасында өткізген күндері туралы кітапхана оқырмандарымен ой бөлісіп, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.
Кешке қатысқан Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының оқушылары бейбітшілік, достық туралы патриоттық әндер шырқады.
Ауған соғысы жауынгерлерінің ерліктері туралы баяндайтын «Ауған соғысының ақиқаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Даңқ» атты энциклопедиялық анықтамалыққа библиографиялық шолу жасалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.