Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атымтай азаматтардың тартуы

0 174

Жуалы ауданының 95 жылдығына орай Боралдай ауылдық округіне қарасты Рысбек батыр ауылдық кітапханасында «Coworking» залы мен цифрландырылған ақпараттық орталығы және Билікөл ауылдық округінде күрделі жөндеуден өткен Жылыбұлақ ауылдық клубы пайдалануға берілді.

Бүгінде Рысбек батыр ауылдық кітапханасында 8 500 кітап қоры жинақталған. Ауыл оқырмандарына 2 кітапханашы қызмет көрсетеді. Демеушілер есебінен пайдалануға берілген «Coworking» залы мен цифрландырылған ақпараттық орталығына 2 миллион теңге жұмсалған. Кітапхана 3 залдан тұрады: оқу залы, «Coworking» залы және цифрландырылған ақпараттық орталық. Әр зал замананауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ендігі кезекте ауыл тұрғындары үшін e.gov порталы, wi-fi қолжетімді болмақ. Сонымен қатар демеушілер өз қаржысы есебінен кітапханаға қажетті компьютер, принтер, теледидар, кілем, үстелдер сатып алып, аядай ғана кітапхананың сәнін келтірген.
Сондай-ақ Билікөл ауылдық округінде Төлеби Сәменұлы, Қуаныш Орынбасарұлы, Ерлан Рәтұлы және Сәкен Амантайұлы сынды атымтай азаматтардың демеушілігімен ауылдық клуб жөндеуден өткізіліп, жаңаша кейіпке енді. Есік-терезесі ауыстырылып, едені сырланып, жаңа жылыту пеші орнатылған клуб сән-салтанаты жарасқан іс-шараларды өткізуге сақадай сай. Сондай-ақ заманауи сахнасы, музыкалық аппаратурасы, орындықтары қойылған.

Әмина МҰСА

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.