Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атқарушы органдардың атқарған қызметі

0 150

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО) 49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Оның ішінде:
– қағаз түрінде – 5 қызмет түрі (10 %);
– электронды түрде – 44 қызмет (90 %);
– мемлекеттік корпорация арқылы – 11 қызмет.
2024 жылдың ІІІ тоқсанында қала бойынша ЖАО 12 902 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Оның ішінде:
– электронды түрде – 7 422 қызмет (58%);
– қағаз түрінде – 498 қызмет (3,8 %);
– мемлекеттік корпорация арқылы – 4 982 қызмет (38 %).
Осы мерзімде ЖАО қызмет берушілері 3 391 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері – қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2024 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алмады.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 221 түсіндірме іс-шаралар жүргізілді (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің 2024 жылға арналған жоспарына сәйкес ІІІ тоқсанда әкімдіктің 1 бөлімінде, атап айтқанда, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінде 2024 жылдың 07-20 тамыз аралығында ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілді.

А.Алимбетова,
мемлекеттік көрсетілетін қызметті мониторингілеу бөлімшесінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.