Қалалық қоғамдық-саяси газет

Асыраушы саланы дамыту аймақты алға бастайды

0 277

Мемлекет Басшысының жолдауын іске асыру аясында агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – аса маңызды міндет болып қала береді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясының барысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығын дамыту жұмыстары жайында баяндады.

– Жыл басынан бері агроөнеркәсіп кешені саласына 6,1 млрд теңге инвестиция тартылды. Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін кеңейту аясында 1612 басқа арналған тауарлы-сүт фермаларының құрылысы бойынша 3 жоба, сыйымдылығы 35 мың тонналық 6 көкөніс сақтау қоймасы, тамшылатып суару және тері мен жүнді өңдеу бойынша 2 жоба қаржыландырылды. Бұл жобаларды 2025 жылы енгізу жоспарлануда. Агроөнеркәсіп кешенінде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары ерекше бақылауда. 2027 жылға қарай құны 272 млрд. теңгені құрайтын 40 инвестициялық жобаны іске асырып, 1 141 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Оның ішінде 2024 жылы 345 жұмыс орнын құрумен 25 млрд. теңгені құрайтын 20 жоба.     Ағымдағы жылы жоспарланған 20 жобаның құны 9,7 млрд. теңгені құрайтын 9 жобасы іске қосылды.

Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 21,4 млрд теңге субсидия бөлінді.7 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4%-ға өсті, ірі қара мал санын 7,9%-ға, қой – 21,9%-ға, жылқы – 5,8%-ға, ет өнімдерін өндіру – 2,2%-ға, сүт – 1,1%-ға өсуі қамтамасыз етілді, – деді Ербол Шырақпайұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.