Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ауыл аманаты» – жарқын жоба

0 255

Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Баяндамасы барысында аймақ басшысы аймақтағы «Ауыл аманаты» жобасының іске асу барысына тоқталды.

– «Ауыл аманаты» жобасы өз тиімділігін көрсетті. Жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдауға және ауыл халқын кәсіпкерлікке тартуға бағытталған бағдарлама жаңа жұмыс орындарын ашып, ауыл халқының табыс көзіне айналды. 2023 жылы 25,5 млрд теңге бөлініп, 4076 жоба қаржыландырылды, бағдарламамен 51 ауылдық округ қамтылды. Оның ішінде 152,2 мың бас мал мен 65 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу қаржыландырылды. 2024 жылдың соңында біз республикалық бюджеттен 10,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді күтеміз, оларға кемінде 1200 жоба қаржыландырылады. Биылдан бастап біз шағын орта бизнесті, мәселен құрылыс цехтарын, кондитерлік цехтарды, тігін цехтарын, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша шағын цехтарды дамытуды қаржыландыруға көңіл бөлеміз. Несиелер жылдық 2,5 пайызбен, 7 жылға дейінгі мерзімге жеке кәсіпкерге 9,5 млн. теңгеге дейін, кооперативке 29,2 млн. теңгеге дейін беріледі.     Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр айында ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 600 млн теңге бөлініп, 89 бірлік техника сатып алынды, – деді Е.Қарашөкеев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.