Қалалық қоғамдық-саяси газет

Асыраушы салада атқарылған жұмыс аз емес

0 793

Мемлекеттің жан-жақты қолдауының нәтижесінде ауыл шаруашылығы алшаң басып келеді. Бұл тұрғыда қалада да ілкімді істер қолға алынуда. Айталық, 2023 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысымен Тараз қаласы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өндірушілерінің жалпы өнім көлемі 16051,5 млн теңгені құрады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 1 535,5 млн теңгеге жеткен.

Қала тұрғындарына азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасау, отандық тауар өндірушілердің өнімін қолдау, жарнамалау және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 11-інен бастап әр аптаның сенбі күндері Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы және Тараз қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен жалпы 48 жәрмеңке өтті. Оның ішінде «GRAND BAZAАR» сауда кешені алдында 40 жәрмеңке өткізіліп, 1 460 млн теңгеге 2314,3 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары нарық бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен өткерілді. Бұған қоса Қазақстан және Қырғыз Республикалары арасындағы сауда-ынтымақтастық аясында 14 қазан күндері Тараз қаласының Орталық алаңында 4 жәрмеңке ұйымдастырылды. Аталған жәрмеңкелер облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз төмен болды. Сонымен қатар бекітілген кестеге сәйкес, 4 жерде көшпелі жәрмеңке өтті.
Асыраушы сала бүгінде инвестицияның игілігін көруде. Айталық, инвестиция аясында «Пышка» ЖШС кондитерлік, «ТНОLOSA» ЖШС, алкогольсіз орташа газдалған сусындар, «Алель агро» АҚ инкубаторлық, «Көкжиек-2030» ЖШС сүт өңдеу цехы сынды көптеген жобалар жүзеге асырылмақ.
Шаһарда шаруа қожалықтардың да шаруасы ширап, тірлігі тіктелуде. Айталық, облыс орталығында 45 шаруа қожалығы 498,95 га жерде өсімдік шаруашылығымен айналысады. Биылғы жылы шаруа қожалықтары тарапынан 498,95 га жерге толық егін егіліп, өнім алынды.
2012 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы шаруа қожалықтарының егістік жерлерінің көлемі 1446,1 га құраса, 2012-2022 жылдар аралығында 217 шаруа қожалықтың 947,15 га егістік жерлері жеке тұрғын үй салуға мемлекетке кері қайтарылды. Сонымен қатар қала әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы «Жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы» №6681 қаулысымен жер учаскелерінің жалдау құқықтары өтуіне байланысты 16 шаруа қожалық иелерінің жалпы жер көлемі 248,1281 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Бүгінгі күні қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қою, мемлекеттiк тiркеу, жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу, жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. 2023 жылдың 11 айында 495 жеке және заңды тұлғаларға арнайы техникаларды тіркеп, техникалық паспорттар мен мемлекеттік нөмірлер берілді. 22 дана кепіл куәлігі және 80 жеке тұлғаға тракторист-машинист куәлігі берілді.
Бұл бөлім тарапынан атқарылған ауқымды жұмыстардың бір парасы ғана. Алдағы меже бұдан да биік, жоспарымыз жұмыр.

Жанболат Танатаров,
Тараз қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.