Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы президентпен өткен сұхбаттың неліктен орыс тілінде жүргізілгенін түсіндірді

0 262

Ел президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты Қазақстандағы соңғы оқиғалардың әлем алдында өзектілігіне байланысты баршаға жеңіл болуы үшін орыс тілінде жүргізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Сұхбат дүние жүзіндегі аудиторияға арналған.Тақырыптың өзектілігіне және Қазақстанда болып жатқан оқиғалардың өзге елдердің назарында болуына байланысты мүмкіндігінше баршаға түсінікті етіп қамтуға тырыстық”,-деді хатшы.

Оның айтуынша қаңтар айында мемлкет басшысына Ресейлік, Америкалық, Еуропалық БАҚ-тан сұхбатқа көптеген өтініштер түскен. Алайда уақыттың тығыздығына байланысты президент отандық “Хабар 24” арнасының тілшісімен сұхбат жүргізу жөн көрген.

“Келесі үлкен сұхбат отандық журналисттерге қазақ тілінде берілетіні сөзссіз!”-деді Берік Уәли.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.