Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Албания Президенті Байрам Бегайды Ақордада қарсы алды.
Мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауыл сап түзеп, оның бастығы Мемлекеттер басшыларына сәлемдік баянат берді. Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің Әнұрандарын орындады.
Одан әрі Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.
Сонан соң мейман мен Президент Құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.
Германияның Федералды Президенті Құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания Президенті Байрам Бегайдың Қазақстанға ресми сапармен келетінін жазған едік.
Сапар аясында екі мемлекет басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарланған.