Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қай елдің азаматтары Қазақстан заңдарын жиі бұзады

0 309

Биыл 33 мыңнан астам шетелдік Қазақстан заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінен мәлім етті.

«Еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында жұмыс істегені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың 517-бабының 5-тармағына сәйкес, 25 айлық есептiк көрсеткiш (86 250 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға не 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады. 2023 жылы 33 704 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 245 азамат Қазақстан аумағынан шығарылды», – деп атап өтеді министрліктен агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Осы ретте министрлік еліміздің заңнамасын қай шет мемлекеттердің азаматтары жиі бұзатынын атады.

«Қазақстан заңнамасын жиі бұзған елдер: Өзбекстан – 20 536, Ресей – 3 810, Тәжікстан – 1 436, Қырғызстан – 744 адам. Бас бостандығынан айыру орындарында 513 шетелдік отыр», – деді ведомстводан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.