Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудиттің маңызды бөлігі

0 878

Қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалауға негізделген мемлекеттік аудиттің түрі.

Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ретінде, өз құзіреті шегінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде жыл сайынғы аудит жүргізеді.
Департаменттің 2022 жылға бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізіліп, нәтижесінде белгіленген көлемде және нысандар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептiлiктерін жасау мен ұсынуда қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соққан бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.
Қаржылық есептілік аудиті қорытындысымен есепті кезең үшін қаржылық есептілікке әсер ететін жалпы сомасы 448 933,5 мың теңге бұзушылықтар, оның ішінде 197 187,5 мың теңгеге қаржылық бұзушылық, 251 746 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Департамент тарапынан жүргізілген ден қою шараларымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер 70 054,1 мың теңге мемлекеттік бюджетке құйылып, 378 879,4 мың теңге есепке алу көрінісімен қалпына келтірілді, нәтижесінде жылдық қаржылық есептіліктің бұрмаланусыз жасалуына қол жеткізілді. Бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ішкі мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша басқарманың және оған бағынысты мекемелердің тарапынан, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы қаулысы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығы, «Есеп саясатын бекіту туралы» бұйрығы, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидалары туралы» бұйрығының талаптарын сақтамау салдарынан бұзушылықтарға жол берілген деген тұжырым жасалды.
Аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» № 179 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Жамбыл облысы әкімінің 05.08.2020 жылғы №204-ө қаулысына бір айғы жүру лимиті бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз ету, алдағы уақытта заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық актілерді, оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды жетік меңгеру туралы ұсынымдар жасалды.

Жамбыл облысы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаменті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.