Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қарызсыз қоғамға жетелейтін жарқын жоба

0 570

Таразда халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Аманат» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы жүргізілуде.

Бұл жоба жөнінде Президент Қ.К.Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында ерекше тоқталып, Үкіметке аталмыш жобаның ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын.
Сабақтар 5 жұмыс күнінен тұрады. Жобаға қатысушылар өз қаржысын тиімді басқаруды және шығындарын оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржылық проблемалардың қалай қалыптасатынын, ағымдағы несиелердің санын қалай азайтуға болатынын біледі және алаяқтық әрекеттерді қалай тануға болатындығын біледі. Сонымен қатар жаңа іс бастаған кәсіпкерлер кәсіптің бюджетін қалыптастыру, салық есептілігін ұсыну тәртібі және қолданыстағы мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша қаржыландыру шарттары туралы құнды ақпарат алады.
Оқудың бесінші күні барлық қатысушыға арнайы сертификат беріледі. Курсқа жазылу үшін +7 707 107 7566 номеріне хабарласуға болады.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.