Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Артына елеулі мұра қалдырған баспасөз қайраткері»

0 394

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап кітапханада «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, көптеген прозалық және тарихи-танымдық кітаптардың авторы, «Құрмет» ордені мен көптеген медальдарының иегері Мақұлбек Қайыпбекұлы Рысдәулетке арналған «Артына елеулі мұра қалдырған баспасөз қайраткері» атты еске алу кеші өтті.

Еске алу кешіне арнайы шақырылған филология ғылымдарының докторы, профессор, әдебиеттанушы Сәмен Құлбарақ, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры, археолог, тарихшы Сауран Қалиев, Жамбыл облыстық архивінің бөлім басшысы-бас қор сақтаушы Жібек Есентаева, Шерхан Мұртазаұлы атындағы руханият және тарихтану орталығы Шерхантану бөлімінің меңгерушісі Назым Қожамарова, сондай-ақ Мақұлбек ағамыздың ұлы Нұрқуат Мақұлбекұлы жылы естеліктерімен бөлісті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.