Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаратаудың әкіміне халқы риза

0 810

Жамбыл облысында әлеуметтік мәселелерге қатысты тапсырмалар күн тәртібінен түскен емес. Өңір басшысының пікірінше, әрбір әкім өзінің аумағындағы тұрғындардың проблемаларымен жеке таныс болуға тиіс.
Барлық әкімдер тұрғындардың қалай өмір сүретінін білу үшін аулаларды аралап шығуы керек.
Нақтырақ айтсақ, облыс әкімінің 2022 жылғы наурыз айындағы 75 хаттамалық тапсырмасында әр әкім халықтың тыныс-тіршілігін кеңінен білу мақсатында, үй – үйді аралап, олардың жағдайымен етене таныс болу керек.
Осы орайда, бүгінгі бірлік күні қарсаңында Талас ауданы Қаратау қаласында қала әкімі Дархан Баймбетовтың тікелей атсалысуымен баянды тірлік көрініс тапты.
Қала тұрғыны екінші топтағы мүгедек азаматтың сұранысы қанағаттандырылды. Атап айтсақ , үй ішіне газ кіргізіліп, жылу жүйесі талапқа сай орнатылды.
Қарашаұлы көшесінің тұрғыны Айжан Оразқұлқызы қала әкімі тарапынан жасалынған бұл игі іске алғысын жаудырып, қуанышын жасыра алмады.
– Қала әкіміне қандай мәселемен жүгінсек те назардан тыс қалдырмай, мүмкіндігінше оң шешімін шығаруға тырысады. Біз бұл кісінің азаматтығына тәнтіміз. Осындай әкімдердің саны көп болса, Жаңа Қазақстанның жылдамырақ құрылары анық. Тікелей диологтан қашпай, әр істің байыбына жетіп, қол ұшын созады. Алланың нұры жаусын! Бәрекелді! – деп ағынан жарылды қала тұрғыны.
Басшылар жайлы мақтауды халықтан естудің өзі ғанибет екен. Олай болса іске сәт. Алда талай елдің еңсесі көтерілетін жақсы жаңалықтарды еститін боламыз деген үміттеміз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.