Қалалық қоғамдық-саяси газет

Анықтама алу әп-сәтте

0 620

Қазақстан Республикасы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 268-бабына сәйкес, қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін:
1) медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;
2) қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болады.
Азаматтардың қайтыс болудың мемлекеттік тіркеу үшін: медициналық ұйым берген, қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат, ол құжат болмаған жағдайда, қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды өлді деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болады.
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу қайтыс болған адамның тұрған жері немесе қайтыс болған жері бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдарында жүргізіледі.
Қайтыс болу туралы мәлімдемені өлген адаммен бірге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршілері, тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган, қайтыс болған адам тұрған немесе адам қайтыс болған жердегі мекеменің әкімшілігі немесе мәйітті тапқан ішкі істер органы жазбаша түрінде жергілікті немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш береді.
Қайтыс болу туралы мәлімдемеде мәлімдеуші өлген адам туралы мына мәліметтерді: өлген адамның аты, әкесінің аты, тегі, туған жылы, соңғы тұрған жері және оның отбасылық жағдайы, қайтыс болған жылы, айы мен күні, қайтыс болу себебі, сондай-ақ қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған адамның аты, әкесінің аты, тегі және тұрғылықты жері көрсетіледі.
Танылмаған және сұралмаған адамдардың өлімін мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органдары мәйіттің орналасқан жері бойынша немесе сот-медицина сараптамасының қорытындысы берілген жері бойынша жүргізеді.
Белгісіз (танылмаған) адамдардың өлімін мемлекеттік тіркеу кезінде қайтыс болу туралы акт жазбасына қайтыс болу туралы дәрігердің куәлігінде қамтылған мәліметтерді мемлекеттік тіркеу үшін қажеттілері ғана енгізіледі.
Егер соңынан қайтыс болған танылса, ол туралы жетіспейтін мәліметтер қайтыс болу туралы акт жазбасына қорытынды жасамастан қайтыс болу туралы медициналық куәліктің және өтініш берушінің жазбаша өтінішінің негізінде енгізіледі.
Қайтыс болу туралы куәлік қайтыс болған адамның туысына беріледі. Қайтыс болу туралы куәлік және қайталама қайтыс болу туралы куәлік мемлекет алымынан босатылған тегін беріледі.
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін қайтыс болған адамның жақын туыстары, оның мұрагерлері тобына кіретін басқа да тұлғалар, қайтыс болған тұлғамен бірге тұрған адамдар, көршілері кез келген тіркеуші органға, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО-на, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне немесе Мемлекеттік корпорацияға қалауы бойынша жазбаша нысанда не портал арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болу туралы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса отырып, қайтыс болуды тіркеу туралы өтініш береді.
Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу жасалғаннан кейін қайтыс болу туралы хабарламаны «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады.

А.НУРОВА,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы
бойынша филиалының Тараз қалалық АХАТ бөлімінің бас маманы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.