Қалалық қоғамдық-саяси газет

Антикор білім саласында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруды ұсынды

0 364

Еліміздің білім беру саласы — сыбайлас жемқорлыққа бейім салалардың бірі. Білім саласындағы жемқорлықтың жоғары деңгейіне назар аудара отырып, осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін елеулі шаралар қабылдануда.
Мәселен, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде комплаенс қызметі мен Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен кезекті жиын өтті.

«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі комплаенс қызметтерін әдістемелік қолдау көрсетеді. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқу орнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыратын комплаенс қызметі құрылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, саясаттар, шектеулер, этикалық нормалар қабылданды, университеттің веб-сайтында тиісті бөлім құрылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жоспарлануда», – деп атап өтті ТарӨУ комплаенс қызметкері Жәнібек Дидарбеков.

Превенция басқармасының қызметкері өз кезегінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Спикерлердің айтуынша, Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ISO 37001 стандартын енгізуді көздейді. Оны іске асырудың мақсаты жемқорлыққа қарсы ішкі саясатты құру болып табылады. Барлық жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйе енгізу қажет, олар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы тұруы тиіс, өйткені білім ордасы -болашақ мамандардың ұстаханасы. Еліміздің 7 жоғары оқу орнында ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты өз еркімен енгізілді. Бұл қазақстандық жоғары оқу орындары Академиялық адалдық лигасына біріккен.
Ішку қауіпсіздік қызметімен бірлесіп мүдделер қақтығысының фактілерін, пара алу фактілерін дербес анықтайтын комплаенс қызметінің оң жағдайлары да бар.
«Қазір біз жоғары оқу орындарында адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» идеологиясын насихаттай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің жоғары деңгейіне қол жеткізіп жатырмыз. Өйткені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысқа барлық мүдделі топтар қатысу қажет: студенттер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, инвесторлар, тәуелсіз сарапшылар, еріктілер және т.б. Осы орайда бүгінгі кездесуді ұйымдастырғандарыңыз үшін, сындарлы сұхбаттарыңыз үшін алғыс айта отырып, университет басшылығынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды қолдауды сұраймыз», – деп түйіндеді Превенция басқармасының бас маманы Айбек Әжібаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.