Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аналардың әрбір күні – мереке

0 789

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өңірдің әлеуметтік дамуына ерекше үлес қосып жүрген әйелдердің қатысуымен «Ана – үміт, Ана – жігер, Ана – азамат» тақырыбында сырласу кешін ұйымдастырды.

 

Нәзікжандылардың ішкі әлемінен сыр шертер ерекше кешке физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, Қазақстанның Құрметті қызметкері, Тараз қаласының Құрметті ардагері Күлжамила Жолдасова, білім саласын өркендетуге үлес қосып, талай жыл облыстық білім басқармасын басқарған басшы, Қазақстанның еңбек сіңірген педагогы Бәтес Егембердиева, Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары, «Құрмет» орденінің иегері Сара Мадиева қатысты.

Бұл отырыста әйел атаулының таусылмас тақырыбына арқау болған әйелдердің қоғамдағы рөлі, қызметтегі орны, бала тәрбиесі, келін мен ене арасындағы сыйластығы жайлы әңгіме қозғалып, тереңінен сыр шертілді.
– Көктем мерекесімен барша қыздар қауымын, әйел аналарды, сүйікті жар, сүкімді келіндерді құттықтаймын. Аналарымыздың әрбір күнін мереке етіп, жандарына қаяу түсірмей, көңіліне көктем сыйлау перзенттік парызымыз – деп сөз алған Сара Қабылбекқызы ақын Шырын Мамасерікованың «Анашым» өлеңін барша аналардың құрметіне мәнерлеп оқып берді. Кітапхана қызметкері Алтынай Абдраимова «Ана» әндерінен топтастырылған поппуримен қатар арулар тақырыбындағы әндерді әуелетіп, нақышына келтіре шырқап, қатысушыларға керемет көңі-күй сыйлады.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.