Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда 530 грамм салмақпен туған нәресте перзентханадан шықты

0 273

Алматы қаласындағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында әйел жүктілігінің 26-аптасында салмағы 530 грамм қызды дүниеге әкелді. 55 күн бойы жансақтау бөлімінің дәрігерлері жаңа туған нәрестенің өмірі үшін күресті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының баспасөз қызметі сәбидің өкпенің жасанды желдету аппаратында 26 күн болғанын хабарлады. Осыдан кейін ғана нәресте жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылды.

«Бүгінгі таңда қыз бала 1 келі 925 грамм салмақпен ауруханадан шығарылды. Қыздың жағдайы тұрақты», – деді орталықтың бас дәрігері Гүлнар Нұрланова.

Өз кезегінде қыздың анасы Орталықтың медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Жүктілік патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Ермұханқызы Сейталиеваға және басқа да дәрігерлерге, барлық акушерлерге,тазалық жұмыстарын жүргізген медбикелерге үлкен алғысымды білдіремін. Баршаңызға көп рахмет! Балаларымызға көрсеткен көмегіңіз үшін рахмет. Дендеріңізге саулық, жақындарыңызға амандық тілеймін. Орталықтарыңыз гүлдене берсін», – деді қыздың анасы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.