Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырауда аурухана өртеніп кетті

0 269

Атырау қаласындағы №7 емхананың терапия бөлімінің меңгерушісінің компьютері өртеніп, 39 дәрігер мен науқас және 6 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауруханада дәрігерлер науқастарды қабылдап жатқан кезде терапия бөлімінің меңгерушісінің компьютері өртеніп кеткен.

«Өрт сөндірушілер екі қабаттағы дәрігер кабинетінде өрт болып жатқанын анықтады. Емхана ғимаратынан 45 адам, оның ішінде алты бала дереу эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.