Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрлардан көлік ұшақ қанатының астында қалып қойғаны көрінеді.
Сурет: kris_p_original
Көліктегі полиция басқармасы мәліметінше, оқиға 22 қазанда болған.
«Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі («Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу») бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.