Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы әуежайында ұшақ көлікпен соқтығысқан (видео)

0 554

Алматы әуежайының ұшу-қону жолағында ұшақ көлікпен соқтығысты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Алматы халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында болған оқиғаның видеосы жарияланды. Кадрлардан көлік ұшақ қанатының астында қалып қойғаны көрінеді.

Сурет: kris_p_original

Көліктегі полиция басқармасы мәліметінше, оқиға 22 қазанда болған.

«Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігі («Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу») бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.