Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында алғашқы қар жауды

0 205

Алматы облысындағы Кеген – Нарынқол республикалық тасжолында алғашқы қар жауды. Бұл туралы жүргізушілерге «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі ескертті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін, 10 қазанда «Кеген-Нарынқол» республикалық маңызы бар күре жол аумағында қар жауды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жол қызметтері учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Қар тазалау жұмыстарына 3 бірлік арнайы техника мен 5 адам жұмылдырылды.

Қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ, жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді», – делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда жол қозғалысына қатысушылар тәулік бойы жұмыс істейтін «ҚазАвтоЖол» call-орталығына 1403 телефоны арқылы хабарласа алады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.