Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында алғашқы қар жауды

0 676

Алматы облысындағы Кеген — Нарынқол республикалық тасжолында алғашқы қар жауды. Бұл туралы жүргізушілерге «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі ескертті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгін, 10 қазанда «Кеген-Нарынқол» республикалық маңызы бар күре жол аумағында қар жауды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жол қызметтері учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдады. Қар тазалау жұмыстарына 3 бірлік арнайы техника мен 5 адам жұмылдырылды.

Қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ, жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді», — делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда жол қозғалысына қатысушылар тәулік бойы жұмыс істейтін «ҚазАвтоЖол» call-орталығына 1403 телефоны арқылы хабарласа алады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.