Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алаяқтықпен айналысқан «әкімдік қызметкері» ұсталды

0 1  748

Сарысу аудандық полиция бөліміне Жаңатас қаласының бірнеше тұрғыны бір мазмұндағы арыз түсірген. Онда олар өзін Ләззат деп таныстырған әйелдің «пәтер алып беремін» деп сенімдеріне кіріп, қаржыларын иемденіп кеткені туралы көрсеткен.

Аталған әйел 13 адамның жалпы көлемі 8 миллион теңгеден астам ақшаларын алып, хабарсыз кеткен. Ол өзінің әкімдікте жұмыс істейтінін айтқан және «аудан орталығынан арзан бағаға кезексіз пәтер алып беремін» деп уәде берген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бапқа сәйкес айыпталушының мүлкi тәркiленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.
Полиция қызметкерлерімен жедел іздес- тіру шараларын жүргізу барысында 54 жастағы «М» есімді Жаңатас қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Сонымен қатар ол өз атын «Ләззат» деп өтірік айтқаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Құрбанәлі Аманкелдіұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.