Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаланы қардан тазалау жалғасуда

0 531

«Жасыл ел – Тараз» жұмысшылары қала ішінде қар тазалау жұмыстарын жалғастыруда. Жолдағы көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің жүруіне жағдай үшін аялдама, мектеп, балабақша, емхана сынды қоғамдық орындар маңының қары күрелді.

Жасылелдіктер енді жол жиегіндегі қарды тазалап, қала сыртына шығаруда. Қар күреу жұмыстарына 52 техника, 242 жұмысшы жұмылдырылған.
Бүгінге дейін шығарылған қар көлемі 1970 м3 құрады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.