Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қалалық емхананың көкжиегі кең

0 686

Медицина саласын дамыту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге үнемі ерекше назар аударып, саланы дамыту үшін нақты тапсырмалар беріп келеді. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында да бұл мәселеге ерекше екпін түсірілген.

Бұл тұрғыда өңірлердегі медициналық нысандарға зор жауапкершілік жүктелген. №5 қалалық емхана – сенім үдесінен толығымен шығып жүрген емдеу мекемесі. Аталған емхана бүгінгі күні 68 728 тұрғынға қызмет көрсетіп отыр. Оның 25 618-і балалар болса, 43 110-ы – ересектер. Емхананың бас дәрігері Динара Сарсенованың айтуынша, нысан 97,3 пайызға медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ емхана ауысымына 500-ден аса адамды қабылдауға қауқарлы болғанымен, былтырдың өзінде 894 келушіні қабылдады. Емханада 5 отбасылық денсаулық орталығы, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі арнайы мамандар бөлімшесі, диагностикалық бөлімше, күндізгі стационарлық 78 төсектік қалпына келтіру бөлімшесі, жедел медициналық жәрдем бөлімшесі, 5 медициналық бөлім және дәріхана жұмыс істейді. Сонымен қатар емхана 8 мектепке, 8 мектепке дейінгі балалар мекемесіне, 4 шағын орталыққа, Н.Тілендиев атындағы облыстық балаларға арналған мектеп-интернатына, облыстық Олимпиадалық резерв мектебіне медициналық көмек көрсетеді.
Бүгінде емханада 37 жалпы практика дәрігері, барлық учаскеде 3 медбике, 123 орта буын медицина маманы, 10 акушер-гинеколог, 10 акушер, 7 психолог, 7 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар 2023 жылы ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелерінің қосылуына байланысты 2 терапиялық учаске ашылды. Емдеу нысанында халықпен кері байланыс жүйелі жолға қойылған. Мұндағы пациенттерді қолдау және ішкі бақылау (аудит) қызметінің мақсаты – проблемалық мәселелерді анықтау және медициналық көмек көрсету сапасын одан әрі жақсарту. Айталық, 1-қабатта пациенттерді қолдау қызметінің «Open office» кабинеті орналасқан. Ол әртүрлі сипаттағы мәселелер бойынша тұрғындардың өтініштерін қарайды. Біз өзіміздің бекітілген емделушілерімізге «осында және қазір» қағидаты бойынша жұмыс істей отырып, ашықпыз және қолжетімдіміз. Бұдан бөлек, «Бас дәрігердің блогы» медициналық ұйымының сайты, сенім телефоны, мобильді қосымша (пациенттердің кері байланысының мониторингі), «Дамумед» АЖ, әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз, «Е-otintish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы да үздіксіз жұмыс істеуде.
Сонымен қатар 2021 жылы емханада «Қалыптастырылған қоғамдық мониторинг және кері байланыс тетігі» (МИОМОС) пилоттық жобасы енгізілді. Медициналық ұйым жанынан құрамы 9 адамнан тұратын «Халық кеңесі» Денсаулық сақтау саласына қоғамдық сенім комитеті құрылды. Соның нәтижесінде, халықтың өтініштері 55 пайызға азайып, жоба өз жемісін беріп отыр. Сонымен қатар 2023 жылы Ақылмандар кеңесі құрылып, оның ереже мен жұмыс жоспары әзірленді. Бүгінге дейін аталған кеңестің 2 отырысы өтті. Бүгінде емханада 65 жастан асқан 4 705 тұрғын тіркелген. Оның ішінде ардагер-медицина қызметкерлері 3 пайызды құрайды. Тізімнен оңалтуды қажет ететіндер ерекшеленеді. Тіркеу орнында медицина қызметкерлерінің ардагерлері үшін жеке терезе бар. Күндізгі стационарда олар үшін емделуге 2 төсек бөлінген. Сондай-ақ «Алтын жас» жобасы бойынша да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Емхана спикерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша да үнемі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Соның нәтижесінде, сақтандырылмаған тұрғындардың жалпы көрсеткіші небәрі 12-ақ пайызды құрап отыр. Тағы бір айта кетерлігі, қосымша жаппай иммундау жоспары 100 пайызға орындалды.

Перизат Маханова,
№5 қалалық емхана бас дәрігерінің
медицина ісі жөніндегі орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.