Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі қымбат 

0 669

Жүректілік пен батылдылықты талап ететін ең қауіпті мамандық иелері – өрт сөндірушілер. Олар үнемі өмір мен өлім арасында арпалыста жүреді. Біз оларды бейбіт күннің батырлары десек қателеспейміз. Сондай жанның бірі – Қайыржан Садуақасов. Ол Тараз қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы.

– Өрт сөндіру – жүректілердің мамандығы. Бұл салаға кез келген адам келе бермейді. Біздің қызметте өжеттілік, батылдылық пен төзімділік қажет. Менің өрт сөндіру қызметінде жүргеніме жиырма үш жыл болды. Мамандығым өзіме ұнайды. Елге қызмет етуге әрқашан дайынбыз. Біз қандай жағдай болмасын сақадай сай болуымыз керек. Сол себепті біздер тәулік бойы жаттығамыз, ғимараттың іші мен сыртында жедел құтқару шараларына үздіксіз дайындаламыз. Одан кейін жетекші офицерлердің дәрістерін тыңдаймыз. Практика мен теорияны ұштастырып, үнемі өрт қауіпсіздігі ережелерін пысықтаймыз. Кешкі уақытта техникалық құрал саймандарды тексеріп отырамыз. Өрт – тілсіз жау. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарын бұл орайда сақ болуға шақырамын. Қазір күн суытып, пештерді іске қосып жатқан тұрғындар сақтық шараларын барынша сақтаңыздар. Жақындарыңыз бен өзіңіздің өміріңізге бей-жай қарамаңыздар! Барлықтарыңызды қала күнімен құттықтай отырып, отбасыларыныңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!, – дейді Қайыржан Уәлиұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.