Қалалық қоғамдық-саяси газет

Халыққа қызмет ету – абыройлы міндет

0 229

Тараз қаласында өз мамандығын халыққа қызмет етуге арнаған жандардың бірі – Жұмағали Таукенов. Ол 2005 жылдан бері жүргізуші қызметінде еңбек етеді.

– 16 жылдан астам уақыт мен көлікті тізгіндеп келемін. «ӘулиеатаТрансПас» ЖШС-інде №47 бағыттағы қоғамдық көлікті айдаймын. Аптасына 2-3 рет қала ішінде автобус жүргізсем, қалған уақытта «Тараз-Шығанақ» бағытында адам тасимын. Әрине, әр мамандықтың қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Таңмен таласа жұмысқа шығып, кешкі 19.30-ға дейін халыққа қызмет етеміз. Пандемия кезінде жұмыс істеу қиынға соққаны белгілі. Көпшілік қатынайтын бағыт болғандықтан, алдымен денсаулыққа қауіп төнгені жасырын емес. Десек те біз жұмысты тоқтатпадық. Айлығымызды уақытылы аламыз. Бүгінде халық арасында қоғамдық көлік жүргізушілеріне деген оң көзқарас әлі қалыптаспаған. Кінәлі болмасаңда ұрыс іздеп, шамыңа тиетін жолаушылар бар. Тіпті жолақыны төлемей түсіп кеткісі келетін жандар да кезігеді. Бірақ барлығына сабырмен қарап, көпшілік ішінде айқай-шу шығармауға тырысасың. Жұмыс істеген уақытымда серіктестікке менің атымнан ешқандай ескерту немесе заң бұзушылық тіркелмеді. Иә, жазда +40, қыста -40 градуста көлік тізгіндеу– екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Десе де бұл мамандықты таңдап алғаннан кейін сүйіп істейсің. Бүгінде қала бойынша жаңа автобустар алынып, жүргізушілердің жағдайы жасалуда. Күн сайын көркейіп, сәулеті мен дәулеті артқан шаһардың туған күні құтты болсын! Әрбір жолаушы аман-есен діттеген жеріне жетсін, жолдарыңыз қашан да ашық болсын!, – дейді Жұмағали Мырзаханұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.