Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімі “Барысхан” алқабының тұрғындарымен кездесті

0 549
Күні кеше қала әкімі Бахытжан Орынбеков қала аумағындағы “Барысхан” алқабының тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде алқап тұрғындары бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда: алқаптағы орталық жолдарға асфальт төсеу, ирригация жүйелері, қоқысты уақытылы шығару, қоғамдық көліктің қатынауы сынды мәселелер талқыланды.
Өз кезегінде қала басшысы тұрғындардың сауалдарын тыңдап, әр мәселеге жеке жауап берді. 2023-2024 жылдар аралығында, жоспарға сәйкес алқаптағы 16 көшеге республикалық бюджет есебінен асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы уақытта қоқыс мәселесі де шешімін таппақ. Мердігер мекеме ЖК «Махмудов» аталған мәселені халықпен талқылап, алқаптағы қоқыс шығару мерзімімен келісті.Тұрғындар тарапынан көтерілген тағы бір мәселе – 29 маршруттың демалыс күндері алқапқа сирек қатынауы. Бұл сұрақ бойынша жауапты тасымалдаушы мекемеге қатынау графигін қайта қарастыру тапсырылды.
Ирригация жүйесі мәселесіне тоқталған тұрғындар аумақта жаңадан салынған су құбырларында жарылу фактілері бар екендігін айтты.Мердігер өз тарапынан судың қысымына шыдамаған құбырлардың жарылуы зауыттық дефект екенін айтып жеткізді.Мердігердің жұмыстарға кепілдік мерзімі желтоқсан айында аяқталмақ.Бұл тұрғыда шаһар басшысы құбыр жүйесіне ақаулар сараптамасын тағайындауды тапсырды. Атқарылған жұмыстар сараптаманын қорытындысы бойынша қайта қабылданады.
Сонымен қатар кездесу барысында алқапқа кірер жолда жаяу жүргіншілер жолағын, жол белгілерін орнату мәселесі де көтерілді. Бұл тұрғыда Бақытжан Әмірбекұлы аталған мәселені шешу үшін жауапты тұлғаларға нақты
тапсырма берді.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.