Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімі алғашқылардың бірі болып дауыс берді

0 314

Бүгін елімізде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков №41 сайлау учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс берді. 

– Сайлауға келіп, өз таңдауын жасау – әрбір азаматтың Конституциялық құқығы. Еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында әркім өзінің осы құқығын пайдалануы керек. Бұл еліміз үшін аса маңызды. Біз қазір күрделі кезеңді бастан өткерудеміз. Сол себепті халқымыз жұдырықтай жұмылып, саяси науқанға белсене атсалысады деп сенемін. Мен де бүгін өз таңдауымды жасап отырмын, – деді Бақытжан Әмірбекұлы.
Аталған сайлау учаскесінде 2602 адам тіркелген. Дауыс берушілердің саны сәт сайын артуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.