Қалалық қоғамдық-саяси газет

Техникалық мамандықтарды дамыту жолдары талқыланды

0 354

Бүгін Жамбыл политехникалық  жоғары колледжінде техникалық мамандықтарды дамытужөніндегі республикалық практикалық форум өтті.

Колледж директоры «Электорника және автоматтандыру» оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы – Дүйсенбек Абдраимов жүргізген шараға облыстық білім басқармасының басшысы – Бейқұт Жамангозов, «Мехатроника» құзыреттілігі бойынша халықаралық және республикалық Worldskills чемпионатының бас сарапшысы Самир Керимов, әлеуметтік серіктестер «Казфосфат» ЖШС-нен Асель Тленчиева, Бекмұрат Бұхарбаев, Мұхаммед Қарынбай, Бекзат Рысқұлбеков және республикалық колледждердің директорлары,орынбасарлары, әдіскерлер, арнайы пән оқытушылары мен оқу өндірістік шеберлері қатысты.

Шарада сөз алған Бейқұт Тлебалдыұлы басқосудың маңыздылығына кеңінен тоқталып, форум жұмысына табыс тіледі. Басқосу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, орамды ойларын ортаға салды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.