Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала әкімдігінің жаңа бастамасы

0 221

Қалалық әкімдіктің жанындағы «Ашық әкімдік» алаңында қала әкімі Қайрат Досаев және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев жеке сұрақтарымен келген азаматтарға қабылдау өткізді.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Қалалық әкімдіктің «Жамбыл адалдық алаңында» жобасы бойынша ашылған «Ашық әкімдік» алаңында мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы қамтамасыз етілген, тұрғындар өздерінің өтініштерін қала билігіне еш кедергісіз жеткізе алады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін әкімдікке жиі қойылатын сауалдарды нақтылау мақсатында арнайы мамандар шақыртылды. Қабылдауға жазылғандар арасында Сәрсенбаев көшесі, №8 «Б» көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары жылуға қосыла алмай отырғандығын айта келген. Аталған мәселеде, ең бастысы, тұрғындардың мақсат-мүдделерін қорғау болып отыр. Мәселенің түйінін шешу үшін «Таразэнергоорталығы» кәсіпорнының өкілдері арнайы шақырылып, келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде тұрғындар мен кәсіпорын өкілдері бір мәмілеге келіп, тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ету мәселесі өз шешімін табатын болды.
Одан өзге қабылдауға келген азаматтардың өтініш-тілектері, қандай да болсын мәселелері қабылдау өткізген әкімдік және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті басшысының тарапынан бейжай қалдырылмайтыны жеткізілді. Бүгінгі қабылдауға 14 адам жазылған. Олардың негізгі мәселелері әлеуметтік көмек алу, жер, тұрғын үй, жұмысқа орналасу төңірегінде туындады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.