Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қала көшелері самаладай жарқырап тұр

0 363

Өткен жылы Тараз қаласында түнгі жарық шамдары орнатылмаған 76 көшеге жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, құрылыс жұмыстары басталған болатын. Нәтижесінде былтыр 42 көше самаладай жарқырады.

Ал биыл өтпелі кезеңмен 34 көшенің құрылысы аяқталып жатыр. Сондай-ақ сараптаманың қорытындысына сәйкес, 76 көшедегі құрылыс жұмыстары осы жылдың мамыр айында толығымен тәмамдалады.
Айталық, «Тастақ» алқабында «Ленон» ЖШС-нің мердігерлігімен 12 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылды. Олардың қатарында Алатау, Алатау көшесінің 1, 2-бұрылыстары, Әбілсейіт Айқанов, Қасым Аманжолов, Мәмбет батыр, Мәмбет батыр көшесінің 1, 2-бұрылыстары, Көктөбе, Жолбарыс хан, Волков және Айналма жол көшелері жарықтандырылды.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.