Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қала қазынасы молаюда

0 1  381

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа арнаған Жолдауында мемлекет қаржысын тиімді жұмсау қажеттігін баса айтқан болатын.

– Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады. Сонымен бірге бюджетке қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу керек. Бұл жүйе квазимемлекеттік секторды да қамтуға тиіс.Біз салық түсімін өңірлердің өзіне бере бастадық. Бұл жұмысты жалғастыру қажет.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс. Осы айтылған мәселелерді тиімді жүзеге асыру үшін жаңа Бюджет кодексін қабылдау қажет», – деген еді Президент құнды құжатта.

Расында, мемлекеттік қаржы жүйесінің толыққанды қызмет атқаруы көп жағдайда бюджет саясатын тиімді жүргізумен байланысты. Бұл орайда жергілікті атқарушы органдардың аталған салаға жауапты бөлімшелеріне айрықша міндет жүктелуде. Осы ретте Тараз қаласының қазынасының ортаймауын, жұмсалған әр тиын діттеген жеріне жетіп, мемлекет қаражатын жаратуда шашау шықпауына қала әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі жауапты. Бүгінгі күні бөлім тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда.

2023 жылдың қорытындысы бойынша шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасып, өсім көрсетіп отыр. Атап айтсақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 462,7 миллиард теңгені құрап, 100,1 пайызға орындалса, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 16,3 миллиард теңгені құрап, 100,8 пайызға орындалды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 2,6 миллиард теңгеге, өсімдік шаруашылығы бойынша 13,3 миллиард теңгеге өнім өндірілген. Тиісінше нақты көлем индекстері 101,6 және 100,6 пайызды құрады.

Жалпы асыраушы саланың дамуында оң көрсеткіштер көп. Мәселен, былтырірі қара мал – 567, жылқы – 185, шошқа– 224, ешкі – 2, қой– 3645және үй құсы522 басқа өсті. Сондай-ақсүт өндіру – 108, ет өндіру 5 тоннаға және жұмыртқа 5,4 мың данаға артты.

Бюджетті жоспарлауда инвестициялық салымдардың ерекше орын алатынын айтып өткен жөн. Бұл ретте өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 164,6 миллиард теңгеге жетіп, 102,2 пайызды құрады. Оның ішінде бюджеттік салымдар 26 миллиард 231,5 миллион теңге, шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттары 132 миллиард 564,5миллион теңге және банктерден несиелер және басқада қарызға алынған қаражаттар 5 миллиард828,5миллион теңгеге жетті.

Қазіргі таңда қалада құрылыс жұмыстары қарқын алып жатқаны баршаға белгілі. Мемлекет қолдауының арқасында жыл сайын еңселі тұрғын үйлер бой көтеріп, халықтың игілігіне берілуде. Осы ілкімді істер нәтижесінде құрылыс жұмыстарының көлемі74,1 миллиард теңгені құрап, 107,7 пайызға орындалды. Сондай-ақ пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 358,4 мың шаршы метрге жетіп, 101,1 пайызға атқарылды. Оның ішінде 51,4 мың шаршы метрі мемлекеттік, 307 мың шаршы метрі жекеменшік есебінен жүзеге асырылды.

Сонымен қатар сауда саласында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 362,1 миллиард теңгені құрап, 101,1 пайызға, ал көтерме сауда тауар айналымы 345,1 миллиард теңгені құрап, 107,9 пайызға орындалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Біздің мемлекетті дамытудың басты факторларының бірі – өзара инвестиция көлемін арттыру. Қазақстан алдағы уақытта да барлық инвестициялық міндеттемелерін мүлтіксіз әрі толық көлемде орындай беретіндігін ерекше атап өткім келеді. Жалпы «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасына негіз болған инвестициялық ахуалды жақсарту біздің экономикалық саясатымыздың құрамдасының бірі саналады. Қазақстан экономикалық жүйе ретінде тек ішкі инвестицияға, ішкі сұраныс пен шикізат экспортына ғана сүйене алмайды. Еліміз сапалы инвестиция тарту үшін мейлінше қолайлы жағдай жасау саясатын жалғастыра береді», – деп атап өткен еді. Бүгінде сапалы инвестиция қаладағы кәсіпкерлік саласының көкжиегін кеңейтіп отыр. Айталық, былтыр шаһар аумағында жалпы құны 2,6 миллиард теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске асырылып, 140 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал биыл жалпы құны 29,8 миллиард теңгені құрайтын 5 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Бұл жобалар сәтімен жүзеге асқан жағдайда 919 жаңа жұмыс орыны ашылады. Осы тұста 2023 жылы іске қосылған «Дәмді себет» ЖШС – «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру», «Алаш Пром» ЖШС – «Автоклавты газдалған бетон» сынды жарқын жобаларды атап өткен абзал. Ал ағымдағы жылы «Kisc» ЖШС-нің «Металл құю цехын жаңғырту», «СП-Тараз PET» ЖШС-нің «Полиэтилентерефталат рециклингу бойынша зауыт салу», «Alima Delux» ЖШС-ның «Тұрмыстық техника зауыты», «Alina Group» ЖШС-ның «Құрғақ құрылыс қоспалар зауытының құрылысы» секілді жобалар өз жұмысын бастамақ.

 Бүгінгі күні «Тараз» ӘКК» АҚ-да 100 пайыз сенімгерлік басқаруымен «Тараз» индустриялық аймағы ЖШС жұмыс істеуде. Аталған индустриялық аймақтың жалпы ауданы 185,2 гектар болатын 11 жер телімдерінен құралған. Бұл бойынша 2023 жылы жалпы құны 557 миллион теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске асырылып, 68 жаңа жұмыс орны ашылса, ал биыл 27,1 миллиардтеңге сомасын құрайтын 7 жобаны іске асыру көзделуде. Бұл жобалар іске асырылғанда 318 жаңа жұмыс орны ашылады. Нақтырақ тоқталсақ, «НУР ХИМ 2021» ЖШС –трикотаж және тігін бұйымдарын өндіруге арналған зауыт, «НУР ХИМ 2021» ЖШС – минералды тыңайтқыштар зауыты, «Мамешова Айгуль Бекеновна» жеке кәсіпкерлігі – машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіретін зауыт, «Eco Energy Plant» ЖШС – қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) қайта өңдеу зауыты, «Taraz Gelatin» ЖШС – желатин өндірісі, «Эко РБК» ЖШС – қауіпті қалдықтарды басқару кешенін құру және шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдарын өндіру бойынша цех салу жобаларын іске асыру биылдың еншісінде.

Ауыл шаруашылығы да инвестицияның игілігін сезініп отырған салалардың бірі. Аталған салада жалпы құны 1,2 миллиард теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, 31 жаңа жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылы жалпы құны 5,2 миллиард теңгені құрайтын 12 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Осылайша 168 жаңа жұмыс орыны ашылады. Мәселен, биыл жұмысын бастайтын «Пышка» ЖШС кондитерлік цехы, «ТНОLOSA» ЖШС алкогольсіз орташа газдалған сусындар цехы, «Алель агро» АҚ инкубаторлық цехы, «Көкжиек-2030» ЖШС сүт өңдеу цехы, тағы да басқа жобалар өңір экономикасына тың серпін береді.

Мемлекеттің жан-жақты қолдауының нәтижесінде кәсіпкерлік қарышты дамуда. Айталық, 2023 жылдың қорытындысымен шаһарда 42 675 кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе, оның ішінде 34 726 жеке кәсіпкер, 936 шаруа қожалығы, 6 974 шағын және 39 орта кәсіпорындары бар. Тіркелген субъектілердің ішінде жұмыс істейтіндері 39 189 бірлікті немесе 91,8 пайызды құрайды. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер – 31 278, шағын кәсіпорындар – 6 974, орта кәсіпорындар – 39 және шаруа қожалықтары – 898-ге жетті.2023 жылдың III тоқсанында шағын, орта бизнес субъектілерінде 72 973 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде жеке кәсіпкерлікте 41 867 адам, шаруа қожалықтарында 914 адам, шағын кәсіпкерлікте 23 921 адам және орта кәсіпорындарында 6 271 адам екі қолға бір күрек тапты. Сондай-ақ өндірілген өнім көлемінің үлесі 364,9 миллиард теңге болып, жалпы өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің 78,9 пайызын құрап отыр.

Өткен жылдың қорытындысымен мемлекеттік бюджетке 120,8 миллиард теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсіп, жоспар 105,4 пайызға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджет 35,6 миллиард теңге немесе 84,2 пайызға, облыстық бюджет 44,8 миллиард теңге немесе 122 пайызға, ал қалалық бюджет 40,4 миллиард теңге немесе 113,7 пайызға орындалды. Ал бюджеттіңшығыс бөлігінің игерілуі 99,9 пайыз, жылдық жоспары 73 700,9 миллион теңге болса, игерілуі 73 632,7 миллион теңге және 68,1 миллион теңге игерілмеу қалыптасты.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қала қазынасы қампайып келеді. Айталық, 2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 120,8 миллиард теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсіп, жоспар 105,4 пайызға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджет 35,6 миллиард теңге немесе 84,2 пайызға, облыстық бюджет 44,8 миллиард теңге немесе 122 пайызға, ал қалалық бюджет 40,4 миллиард теңге немесе 113,7 пайызға атқарылды. Сонымен қатар бюджеттіңшығыс бөлігінің игерілуі – 99,9 пайыз, жылдық жоспары 73 700,9 миллион теңге болса, игерілуі 73 632,7 миллионтеңгенемесе 68,1 миллион теңге игерілмеу қалыптасты.

Тұтыну тауарларының бағалары мен қызмет көрсету тарифтері бойынша инфляция деңгейі 9,2 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғандадинамикасы 10,6 пайызға төмендеді. Оның ішіндеазық-түлік тауарлары – 8,2, азық-түлік емес тауарлар – 9,6, ақылы қызметтер тарифі9,7 пайызды құрады. Сондай-ақ былтыр уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға 23 911 адам өтініш білдірсе, оның 10 866 адамы жұмыспен қамтылды. Ал жұмыссыздар саны 2 720 адамды құрап отыр. Соған сәйкесжұмыссыздық деңгейі 5,7 пайызды құрады.

Халықтың күнкөріс деңгейін арттыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Осылайша ең төменгі күнкөріс деңгейі – 42 969 теңгеге, орташа номиналды айлық жалақы 256 830 теңгеге жетті.

Денсаулық саласына келетін болсақ, есепті кезеңде ана өлімі тіркелмеген. Алайданәресте өлімі 71 оқиғаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 8 адамға өсіп отыр. Білім саласында 1 мен 6 жас аралығындағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 83,8, 2 мен 6 жас аралығындағы мектепке  дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 88,6 пайызды құрап, тиісінше 1,3 және 0,6 пайызға артты.

Құқық қорғау саласында өткен жылы қала көлемінде жалпы әртүрлі 2322 қылмыс тіркеліп, былтырмен салыстырғанда қылмыс саны 17,8 пайызға төмендесе, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуіде 21,8 пайызға азайған. Ал жалпы қылмыстар бойынша ашылу деңгейі 1 пайызға артып отыр. Жалпы есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық 37,0 пайызға төмендеп, 51 деректі  құрады.

2023 жылы қала бойынша жол көлік оқиғалары 21,7 пайызға азайған. Одан жараланғандар саны 845 адамды құрап, 20,5 пайызға төмендегенімен кісі өлімі 18 адамды құрап, 28,6 пайызға өскен.

Бюджетті дұрыс жоспарлау  жүйелі жұмысқа жол ашады. Бұл бағытта алдағы уақытта атқарылар жұмыстар бұдан да ауқымды. Бастысы, қала қазынасы жыл өткен сайын молайып келеді. Ал бұл өз кезегінде шаһар тұрғындарының тұрмысының түзелуіне септігін тигізеді.

Жандос ОРДАБАЕВ,
Тараз қаласы әкімдігі экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.