Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Алғашқы қызығым»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз туралы не ойлайтынын ашық айтты

0 955

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова желіде келіні Жұлдыз Айдарбекова туралы айтты. Белгілі продюсер оны қатты жақсы көретінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келініне қатысты сұрақтарға өзі жауап беруді шешті. Ол тұңғыш келіні туралы не ойлайтынын ашық айтты. Продюсер Қайраттың жарын қатты жақсы көретінін жеткізді. Оған қоса, ол ұлы мен келінінің арасы бұзылуына не себеп болуы мүмкін екенін де айтып қалды «Мен Жұлдызды сізден де артық жақсы көремін, алғашқы қызығым, төрт немеремнің анасы, ұлымның титтейінен сүйіп алған жары. Кейде ойлаймын кейбіреулердің азғыруы әсер етті ма деп. Байқасаңыз, азғырушылар көп қой, адамды өзгертпеуіне қоймай жаза беретіндер, өзінің жағдайы мәз емес бола тұра, ақыл айтқыштар. Енесіне келінін, келініне енесін не күйеуін жамандап азғырып, от үрлеп. Естерін жияр, төрт бүлдіршіндерінің бағына. Алла сабыр берсін, кім ұрыспай жатыр?», – деп жазды ол. Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова өзіне қатысты Қайрат пен Жұлдыздың арасына кірді деген қауесеттерге жауап берген болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.