Қалалық қоғамдық-саяси газет

Акция аясындағы игі іс

0 320

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын оқу жылына дайындау мақсатында «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы өтті.

Аталған акция өңірде 14 тамыздан бастап бастау алған болатын. Бүгінгі күнге дейін акция аясында 2 700 баланың мектепке баруы үшін 67,2 миллион теңгеге оқу формасы, керекті құралдар мен сөмкелер тарту етілді.
Айталық, былтыр демеушілер есебінен 50 миллион теңгеге 2 500 оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдары берілген еді.
Игі шара барысында аудандық филиалдардың бастауыш партия ұйымдары жарнасынан қайтарылатын 20 пайыз нысаналы трансферттерді пайдалану арқылы және мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, облыстық мәслихаттың депутаты Арман Еділбаев жеке қаражатынан 2,5 миллион теңгеге 60-қа жуық балаға мектепке керек заттарын алып берді. Бұл еліміздің ертеңі болар балаларымыздың бүгінгі жағдайына жауапкершілікпен қарайтын азаматтарымыздың бар екенінің көрінісін айғақтайды.

Әмина Мұса

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.