Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айжан қоржынға күміс жүлде салды

0 1  391

ММА-ден Абу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз Айжан Әбдіқадыр күміс жүлде олжалады.

Жаһандық додада 56 елден 421 спортшы бақ сынады. Олар 18-ден 21 жас және 21 жастан жоғары санатта жүлдеге таласты. Төрткүл дүние көз тіккен аламанның алғашқы айналымында Айжан Чехияның намысын қорғаған ару Ево Милоны жеңсе, екінші кездесуінде жаңазеландиялық Мел Вебстерді тізе бүктірді. Өкінішке қарай, ақтық сында ресейлік Ольга Лагоднаяға есе жіберіп, күміспен күптелді. Бұл – Айжан Әбдіқадырдың әлемдік додадағы екінші күміс жүлдесі. Сондықтан жамбылдық арудың алар асуы әлі алда деп сенеміз.

Сәндібек ПІРЕНОВ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.