Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкінің мәліметтеріне сәйкес, Жамбыл облысында 2022 жылдың өткен кезіңінде 148 829 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.
Облыс бойынша 105 749 құқық бұзушыға 1 млрд. 962 млн. теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза қолданылды. Оның 1 млрд. 286 млн. теңгесі өндіріліп алынды. Сонымен қатар 64 810 айыппұлдың көп бөлігі алғашқы 7 тәулік ішінде 837 млн. теңге сомасында 50 пайыз жеңілдікпен төленді. Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 65,47 пайызды құрады.
Ең көп айыппұл Тараз қаласында салынған. 1 млрд. 374 млн. теңге сомасына 85 117 құқық бұзушылық анықталса, оның 833 млн. теңгесі төленді.
Екінші орында Қордай ауданы 5 303 құқық бұзушыға 162 млн. теңге айыппұл салынып, 118 млн. теңге өндірілді.
Ең аз Мойынқұм ауданында 14 млн. теңге сомасына барлығы 571 айыппұл салынды, оның 10 млн. теңгесі өндірілді.
Мемлекеттік органдар арасында құқық бұзушылықтардың ең көп санын ішкі істер органдары анықтады, оларға барлық әкімшілік өндірістердің 90 пайыздан астамы тиесілі.
Ішкі істер органдары барлығы 1 млрд. 307 млн. теңге сомасына 98 983 құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты, оның ішінде мемлекет бюджетіне 817 млн. теңге түсті.
Айыппұлдардың негізгі бөлігін фото-бейнетіркеу камералары тіркеген құқық бұзушылықтар құрады, олар бойынша 786 млн. теңге сомасына 58 152 ұйғарым шығарылды.
Ернар Дауитов,
ҚР Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің
облыс бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры