Қалалық қоғамдық-саяси газет

Киберспорт: спорт па, әуестік пе?

0 598

Киберспорт спорт қатарына кіреді ме? Бұл сұраққа жауап табу үшін алдымен аталған тақырыпты тереңірек зерттеп алайық. «Спорт» сөзі ескі француз тіліндегі  «ойын» сөзінің қысқартылған түрі. «Спорт – белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтеді. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын жеңіске немесе жеңіліске әкелетін әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты сипатталады. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданатыны айдан анық.Спорт сөзінің түп мағынасына сүйене отырып кибер ойындарды спорт екеніне көз жеткіземіз. Бірінші кезекте бұл – жарыс рухты және үздік болуға ұмтылыс. Кәдімгі спорттағыдай бұл жерде де командалар, ойыншылар, жанкүйерлер, жарыстар, бірыңғай ережелер мен тәртіптер бар. Киберспорт 10 жылдан бері ойын нарығында жақсы дамыды. Алайда дәл қазір киберспорттың бұл нарықтан шығып, спортқа әрі бизнеске ауысатын уақыты жетті. Қазірдің өзінде ойыншылар мен командалар ірі турнирлерге қатысып, әлемдік танымалдылыққа ие болып келеді.

Киберспорттың негізгі қағидалары мынадай – спортшылардың бастапқы мүмкіндіктері тең, ешқандай кездейсоқтықтар әсер етпейді, жеңіске тек киберспортшының ойлау қабілеті және реакция жылдамдығы әсер етеді. Киберспорттың ең негізгі тірегі – бұл стратегиялық ой, топ ішіндегі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білу. Өйткені көп жағдайда клавиатура мен компьютерлік тышқанды тез баса алатын қатысушылар емес, өздерінің стратегиясын дұрыс ойлай білген қатысушылар жеңіп шығады.Сондықтан, жастайынан киберспортқа қызыққан балалар, болашақта стратегиялық ойлауға қабілеттері өте жоғары болады. Бұл қабілеттер кейін олардың жұмысында, бизнеспен айналысқан кезде қажет болатыны белгілі.

Карантин салдарынан кәсіби киберспорт шығынға батты. Салаға негізгі кіріс ауқымды іс-шаралардан түсіп тұрған. Ал қазір үлкен жиындар өткізуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан спорттық ұйымдар кейбір құрамаларды таратып жатқан көрінеді. Еліміздің Киберспорт федерациясының хабарлауынша, кәсіби саладағы жағдай күрделі. Дегенмен, карантиннің жақсы тұстары да бар. Оқшаулану кезінде ойын аудиториясы ұлғайған. Карантин әуесқой киберспорттың дамуына түрткі болды. Федерация өкілдерінің хабарлауынша, ойыншылар топтасып, түрлі онлайн жарыстарға белсенді қатысуда.

Нұргүл Оразбек,

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.