Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айбары асқақ Ата Заң

0 529

Халықаралық аренадағы, экономикадағы, әлеуметтік-тұрмыстық саладағы қол жеткен оң жетістіктеріміздің барлығы мемлекеттігіміздің сара саясатын айқындап берген даңғыл жолымыз – Қазақстан  Республикасының Конституциясынан бастау алады. Осыған орай облыстық айтыскер ақындар, жыршы термешілер орталығында басты құжатын құрметтеу мақсатында зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге елімізге белгілі ақындар Қасқырбай Нарбатыров, Сәт Мәлібеков, «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі, жазушы Марат Құлибаев, «Жекпе – жек» кәсіпқой спорт клубының заңгері Зейнел-Нәби Сұлтанбаев және «Жамбыл облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының қызметкерлері қатысты.
Іс-шараны Қасқырбай Нарбатыров конституция күнімен құттықтап, жиынды ашып берді. Ары қарай Сәт Мәлібеков «Ата Заң» өлеңінің оқыды. Марат Құлибаев Қазақстан Республикасы Конституциясы, оның құрылымы, бөлімдері мен баптары туралы ақпарат берсе, Зейнел-Нәби Сұлтанбаев конституцияның спорт, дене шынықтыру жөніндегі тармақтарына тоқталып, Нарша Қашағанұлының «Ана тілі» өлеңін оқып берді. «Ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру» дирекциясының ғылыми қызметкері Нагашбекова Сания Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы баптарын түсіндірді.
Басқосу барысында викториналық ойын, сұрақтары да қойылды. Кеш соңы мекеменің ғылыми қызметкері, айтыскер ақын Дидар Апбасов «Ата Заңды сақтау керек күшінде» атты өлеңімен аяқталды.

Ақмарал ІЛЕБАЕВА,
облыстық айтыскер ақындар,
жыршы термешілер орталығының әдіскері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.