Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шаһар тазалығы баршаға ортақ

0 39

Тараз қаласындағы аумақтық округтерде Жамбыл облыстық мәслихатының «Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 28 маусымдағы №15-9 шешімінің негізінде ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық хабарландыру, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде «Жасыл ел-Тараз» мекемесі кәсіпкерлік нысандармен 1 386 келісімшартқа отырған. Олардың ішінде көпқабатты үйлердің астында 1 137 нысан орналасқан. Ал жеке ғимаратта орналасқан кәсіпкерлік нысандар саны – 249. Оның 114-і өз аумағында қоқыс алаңшасымен қамтылған. Ал 135-і жалпы тұрғындарға арналған қоқыс контейнерлеріне тастайды. Осы мақсатта қазіргі уақытта барлығы 15 нысанға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қоқыс жәшіктері бойынша кәсіпкерлік бөлімі тарапынан бірқатар жұмыс атқарылды. Айталық, бөлім тарапынан абаттандыру бойынша 270 кәсіпкерлік нысанға хабарлама таратылып, 6 кәсіпкерлік нысанға қоқыс жәшігін орнатылды. Ал 21 нысанға ескерту берілді.
Қазіргі таңда қала бойынша күнінен 600 текше метр қоқыс шығарылып, оған 30-ға жуық техника жұмылдырылған.
Тазалық сақтамаған тұрғындарға айыппұл салу бойынша да ілкімді істер қолға алынуда. Айталық, ағымдағы жылдың 12 шілдесі мен 15 тамызы аралығында көше бойында кездейсоқ қоқыс пен инертті құрылыс материалын тастаған, қоршаған ортаның ластаған 223 заң бұзушылық тіркеліп, оның 187-сіне ескерту, 36-сына айыппұл салынды. Бұған қоса тұрғындар шағымы негізінде округ инспекторларының ұсынуымен дүңгіршектердің заңдылығына зерделеу жүргізілді. Нәтижесінде, 262 дүңгіршек зерделеніп, заңсыз орнатылған 62 нысан алынып тасталды.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.