Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айқын алғашқы фильміне бірінші әйелі мен Жұлдызды бірге түсірмек болған

0 625

Жұлдыз Өмірғали Айқынға тұрмысқа шыққан кезде туыстарының қалай қабылдағанын айтып берді. Сөзіне қарағанда, өзін тәрбиелеп өсірген атасы қатты ренжіген. Алайда перзентінің бақыты үшін ақырында келіскен. Ал Айқынның ата-анасы жаңа келінді бірден қабылдамапты. Бұл туралы Өмірғали «Жұлдыздың жары» бағдарламасында айтты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

«Атам басқалар сияқты үйленбеген, бала-шағасы жоқ адамға, ақ көйлек киіп, ұзатылып шыққанымды қалады. Сол себепті де жылаған шығар. Үйде құдалық жасады. Ата-енем келді. 2 күнде бәрі өтті. Айқынның сұрауымен, кішігірім ғана болып өтті. «Көпшілік білмей-ақ қойса екен, кейін дүркіретіп той өткізіп беремін» деп уәде берген болатын», – дейді Жұлдыз.

Айқынның ата-анасы жаңа келінді бірден қабылдамаған. Тіпті «Әселден басқасы керек емес» деп кесіп айтыпты.

«Бізде бір-ақ келін бар, ол – Әсел», – деді. Бірақ Айқын сол кезде: «Сен үшін бүкіл әлемге, ата-анама да қарсы тұрдым. Менің таңдауым – сен», – деді.
Қазіргі таңда сый-құрметімді аямаймын. Ол кісілер де түсінді. Тіпті маған бірдеңе болып қалса, Айқынға ұрсады. Қазір бәрі жақсы», – дейді Жұлдыз.

Айқын мен Жұлдыз 2015 жылдың қазан айынан бастап кездесе бастаған. Ал 2016-ның ақпанында Айқынның Әселді көрсеткен бейнеклипі жарыққа шықты. Жұлдыз Айқынның отбасылы екенін сол кезде бір-ақ біліпті.

Жеке өмірінен хайп жасап алған Айқын биыл жарыққа шыққан фильміне Әсел мен Жұлдызды бірге түсірмек болыпты. Алайда алғашқы әйелі оған қарсы болған көрінеді.

«Өздерінің арасында ұрыс-керіс болды. Әсел маған хабарласып: «Мен түспеймін деп айт», – деді. Біраз уақыт күресті. Қазіргі таңда балалары үшін араласып тұрады. Екі жақтан да тынышталдық. Ешкім ештеңені дәлелдегісі келмейді. Ол кісі тұрмыс құрған жоқ, құрмайтын да шығар. Айқын «өзім ұзатамын, тойыңа ән айтып беремін» деп қалжыңдайды. Ол адамның ішіне кіріп шыға алмаймын, сондықтан қалай боларын білмеймін», – деп ақтарылды Өмірғали.

Жұлдыз ер адам әйелді сүймесе, оны ұстап қалу мүмкін емес деген пікірде. Сондықта, болашақта өзі Әселдің орнына түсіп қалса, жарымды еш кедергісіз жіберемін деп отыр.


«Мені сүймей тұрса, «қал» деп аяғына жығыла алмаймын», – дейді ол.

Сөзіне қарағанда, Айқын алғашқы жұбайының жағдайын жасап тұрады екен. Әселге коттедж бен пәтер қалдырған.

“Ал ұлы мен қызына қалдырған мұрасы бар. Ай сайын да қаражат жағынан көмектесіп тұрады. Ол кісі қазір ештеңемен айналыспайды. Үйде отырады.

Балаларымнан бөлмеймін. Өзім әкесіз өскеннен кейін, орталарына қандай да шектеу қою деген жоқ. Бір-біріне бауырмал болып өсе берсін. Айқын өзі «есейгенде түсіндіремін» деп отыр», – дейді Жұлдыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.