Қалалық қоғамдық-саяси газет

75 немере мен 26 шөбере: Жетісайда ең үлкен отбасы тұрады

0 630

Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны Зәуре Сүттібаеваның 75 немересі мен 26 шөбересі бар. Ол өзінің туған ауылында ғана емес, бүкіл облыстағы ең үлкен отбасының ақжаулықты анасы болып отыр. Шаңырағы шаттыққа толған отбасы жайлы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көпбалалы ана Зәурен Сүттібаева мен оның жолдасының алғашқы балалары 60 жыл бұрын дүниеге келген. Содан бері отбасының қатары жыл сайын толығып келеді. Зейнеткердің жастық шағы қиын кезеңге тұспа-тұс келген. Өткен күндерді көпбалалы ана былай еске алады.

«Бұрын көпбалалы отбасыларға қазіргі уақыттағыдай артықшылықтар берілмеді. Мен өзім босануым үшін, аудандық ауруханаға жаяу баратынмын. Бірнеше баламды үйде босандым. Балалар деген – үлкен байлық. Бұл орайда мен ең бақытты адаммын», – дейді Жетісай ауданының тұрғыны Зухра Сүттібаева.

Зәуре Сүттібаеваның өзі ата-анасыз өскендіктен, ол отбасылық құндылықтарды бәрінен жоғары қояды. Күйеуімен бірге олар 5 қыз, 6 ұл тәрбиелеп өсірген. Олардың отбасылары да көп балалы болып шықты. Қазір отбасының ұйытқысы болып отырған әженің 75 немересі және 6 шөбересі бар.

«Енем мені көп нәрсеге үйретті. Ол маған үнемі ақылын айтып отырады және дұрыс шешім қабылдауға баулыды. Енемнің бала тәрбиесінде үлкен тәжірибесі бар. Менің өзімнің 7 балам бар. Балаларымның әр эқайсысымен кішкентайынан әжелері қарады десем артық айтқандығым емес», – дейді Зухра Сүттібаеваның келіні Сапаркүл Шорабекова.

Жетісай ауданы – Түркістан облысындағы халқы тығыз орналасқан аймақтардың бірі. Мұнда 16 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.