Қалалық қоғамдық-саяси газет

AIX биржасында Air Astana компаниясының ЖДҚ және АҚШ долларына деноминацияланған акцияларының шартты саудасы басталады

Бұл Қазақстан қор нарығындағы алғаш шартты сауда

0 2  224

Astana International Exchange (“AIX”, “Биржа”) Air Astana компаниясының ғаламдық депозитарлық қолхаттарының («ЖДҚ») шартты саудасы 2024 жылдың 9 ақпанында, Астана уақытымен сағат 14:00-де (Лондон уақытымен 08:00), Лондон Қор Биржасында (LSE) жән AIX биржасында басталатынын қуана хабарлайды. Ал АҚШ долларына деноминацияланған қарапайым акциялардың шартты саудасы дәл осы уақытта тек AIX биржасында ғана басталады. Дәлме-дәл уақыттағы сауда-саттық туралы ақпарат AIX вебсайтында, Market Watch парақшасында жарияланады (https://market.aix.kz/ ).
Freedom Broker AIX биржасындағы маркет мейкер болады.
IPO кезінде тапсырыс берген инвесторлардың есеп-шоттарына ЖДҚ мен қарапайым акциялар түскен кезде шартты сауда негізгі саудаға ұласады.
AIX биржасында (ЖДҚ мен қарапайым акциялар), KASE биржасында (қарапайым акциялар) және LSE биржасында (ЖДҚ) шартсыз саудасы 2024 жылдың 15 ақпанында басталады.
Әсел Мұқажанова, AIX Басқарма төрайымы былай деді:
«Біз AIX биржасының сауда мүшелерімен және олардың клиенттерімен бірлесе отырып қосымша өтімділікке және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын шешімдерді табу үшін күш салдық. Freedom Broker компаниясымен біріге отырып біз жергілікті инвесторларға шартты сауда концепциясын ұсынып отырмыз, бұл Қазақстан қор нарығындағы жаңа мүмкіндік. AIX қарапайым акциялар мен ЖДҚ-ның қос листингі арқылы Қазақстандық және халықаралық нарықтардың арасындағы интеграцияны ілгерілетіп, сауда процесстерін жеңілдетіп қана қоймай, нарықтың қауіпсіздігі мен тұтастығын сақтай отырып мүмкіндіктерді кеңейтіп жатыр.
Сергей Лукьянов, Freedom Finance Global Директорлар кеңесінің төрағасы былай деді:
«Сөзсіз, біз клиенттеріміздің және қор нарығында сауда-саттықты бастауды енді жоспарлап отырғандардың арасында Air Astana-ның бағалы қағаздарына деген жоғары қызығушылық пен үлкен сұранысты байқап отырмыз. Тәжірибеміздің көптігіне байланысты әрі тиісті технологияларымыз бар болғандықтан, біз АІХ-тың бастамасын қолдауға әрі пре-маркеттегі таңғы уақыттағы сауда-саттық кезеңінде маркет-мейкер болуға қуана-қуана шешім қабылдадық. Біздің АІХ-пен ынтымақтастығымыз қазақстандықтарға шетелдік инвесторлармен қатар бағалы қағаздармен сауда жасауды бастауға және өздерінің қағазға деген сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Мәміле жасау рәсімі стандартты болып табылады, инвестор бар болғаны өзінің брокері арқылы биржалық бұйрық беруі қажет. Шетелдік нарықтардың практикаларын енгізу қазақстандық инвесторлардың мүмкіндіктерін кеңейте отырып, жергілікті қор нарығының дамуына оң әсер етуде».

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.