Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қадірлі мойынқұмдықтар!

0 359

Баршаңызды 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 79 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жеңіс күні-батылдық пен қаһармандықтың, халқымыздың бірлігінің беріктігі мен қайсар рухының мерекесі.
«Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» сұрапыл жылдардағы батыр майдангерлеріміздің өлшеусіз ерліктері мәңгі ұмытылмайды.
Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн сыйлаған майдангерлерімізді әрдайым ардақтап, болашақ ұрпақ алдында мәңгі мақтан етеміз.
Бұл жеңіс халқымыздың қажымас қайратының, батыр бабаларымыздың ерлігі мен еңбегінің арқасында келді.

Құрметті аудан тұрғындары!

Мойынқұм жерінен майдан шебіне аттанып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың, ардақты майдангерлеріміздің өшпес ерлігі біздің мәңгі есімізде сақталады.
Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі осынау мерекенің жемісі.
Бүкіл халық жадындағы қастерлі мереке – Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Ауданымыздың барша тыл ардагерлері мен майдангер батырларымыздың ұрпақтарына мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін!

Мойынқұм ауданының әкімінің м.а. С.Төлегенов

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.