Қалалық қоғамдық-саяси газет

Абаттанған аулалар шаһар көркін ашады

0 315

Аулаларды абаттандыру айрықша маңызға ие. Бұл, бір жағынан, шаһардың шырайын кіргізсе, екіншіден, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне таптырмас мүмкіндік. Сондай-ақ бұл бүгінде қала тұрғындарының өзекті мәселесіне айналған. Қала әкімі Бақытжан Орынбековтің халықпен кездесулерінде де бұл мәселе назардан тыс қалған емес. Осы бағытта облыс орталығында ілкімді істер қолға алынуда.

Айталық, биыл 26 аулада абаттандыру, яғни балалар ойын алаңшасын салу жұмыстары жоспарланып, бұған бюджеттен 625 миллион теңге қаржы бөлінген еді. Осылайша «Проект и К» ЖШС-нің мердігерлігімен барлық 26 нысанда абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды. Атап айтсақ, Рысбек батыр көшесі №6, 6 «А», Достоевский көшесі №21 «А», Асқаров көшесі №275, 275 «А», Сәтбаев көшесі №7, Волков көшесі №1 «А», Сүлейменов көшесі №10, Телеорталық көшесі №3, Заречная көшесі №44, «Аса» ықшамауданы №11, 26, 27, 28, 32, «Қаратау» ықшамауданы №32, «Ақбұлақ» ықшамауданы №9, Қазыбек би көшесі №115, Ниетқалиев көшесі №12, Қонаев көшесі №6, Желтоқсан көшесі №237, Байзақ батыр көшесі №168, Узбекский көшесі 2-ші бұрылысы, №12, Аққозиев көшесі №5, «Салтанат» ықшамауданы №10, «Самал» ықшамауданы №12, 14, «Талас» ықшамауданы №19, 20, «Алатау» ықшамауданы №11, 13, 16, 17, «Арай-2» ықшамауданы №17, «Бәйтерек» ықшамауданы №30, 31, 42 мекенжайларында орналасқан аулалар жаңартылып, тұрғындар игілігіне берілді.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.