Қалалық қоғамдық-саяси газет

Абайлаңыз, сынап!

0 154

Сынап, дәлірек айтқанда, оның буы – аса қауіпті. Сынап әдетте ағзаға ауыз арқылы немесе оның улы түтінін деммен жұту арқылы енеді.
Көпшілігімізде сынаптан термометр сындырып алған кезде уланып қалу мүмкін деген түсінік қалыптасқан. Алайда мұндай жағдай сирек кездеседі. Дегенмен мұндай жағдай орын алса, уланған адам шұғыл жедел жәрдем шақыруы керек. Сонымен қатар сынап буын жұтудың зияны зор екенін естен шығармаған дұрыс. Сол себепті термометр сынғаннан жерді дұрыс залалсыздандырудың маңызы зор.
Не істеу керек?
• Термометр сынған бөлменің терезелерін ашыңыз. Ластанған ауа басқа бөлмелерге енбеуі үшін есікті жабыңыз.
• Улы металл төгілген жерді оқшаулаңыз. Себебі сынап айналадағы заттардың бетіне қонады.
• Сынапты жинар алдында оның теріге тимеуі үшін резеңке қолғап киіңіз. Металдың табанға жұғуының алдын алу мақсатында полиэтилен пакет немесе бахила киіңіз. Тыныс алу органдарын қорғау үшін сода ерітіндісі сіңдірілген немесе суға малынған мақта-дәке таңғыш тағыңыз.
• Сынапты және термометрдің барлық сынған бөліктерін суық сумен шыны ыдысқа мүмкіндігінше мұқият жинаңыз. Су сынаптың буланып кетпеуі үшін қажет.
• Сынаптың кішкентай тамшыларын шприц, резеңке үрімше, тамшуыр, дымқыл қағаз немесе мақта, жабысқақ лента (скотч), ермексаз секілді заттарды пайдалануға болады.
Термометрдің барлық сынықтары мен сынапты мұқият жинаңыз! Егер сынап ағаш еденінің астына ағуы мүмкін деген күдік болса, еденді ашып тексеру қажет!
Егер сынапты жинау ұзақ уақыт алса, әр 15 минут сайын үзіліс жасап, таза ауаға шығыңыз.

Данияр Келіс,
Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының офицері,
азаматтық қорғаныс капитаны

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.