Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сегізінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының (кезектен тыс жиырмасыншы сессия) шешімі

0 164

 Тараз қаласы                                   №20-2                         2024 жылғы 4 қазан

 «Тараз қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы  

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-1) тармақшасына және Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы №40-3 шешімімен бекітілген «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидаларына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағы келесі азаматтарға берілсін:
Азимов

Муратбек Коканович

«Көне Тараз» қоғамдық қорының төрағасы
Аширбаева

Турсункуль Ильясовна

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған тұрақты комиссияның төрайымы
Быкыбаев

Ермек Быкыбаевич

Зейнеткер
Дюсембекова

Алтынкуль Сулейманкуловна

Зейнеткер
Ешенкулов

Ильяс

«Ешенқұлов И.» шаруа қожалығының директоры
Калиев

Айдархан Миралиевич

«Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжі арнайы пәндер оқытушысы (құрылтайшы), «Асыл дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғылыми өндірістік мода және ассортимент өндірісінің бас дизайнері
Карауыл

Тауирбек Абитайулы

«Жамбыл облысының спорт ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Касымов

Сырым

Зейнеткер
Кезембаев

Бахберды Боштабаевич

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының дәрігер-трансфузиологы
Молдыбаев

Аманбай Шонбаевич

Күйші-сазгер, ақын, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.
  1. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

Тараз қалалық мәслихатының төрағасы                                                                  К.Олжабай

 

 

 

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.