Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақ жаулықты аналар құрмет құшағында

0 471

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақ жаулықты әжелер, көпбалалы аналар мен түрлі салада қызмет етіп жүрген бірқатар нәзікжандылармен кездесті.

Бердібек Машбекұлы алдымен «Анаға тағзым» орталығы әзірлеген суреттер, қолөнер бұйымдары және тағамдар көрмелерімен танысты.
Кездесу барысында аймақ басшысы жиналғандарды көктемнің тамаша мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
– Баланың бойындағы рухани- адамгершілік құндылықтар, өмірге деген көзқарасы, түрлі қасиеттері ең алдымен өз отбасында қалыптасады. Сондықтан қазір отбасы институтын нығайту мәселелеріне баса көңіл бөлінуде. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді және бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. Облыста 40 000-нан астам көпбалалы ана бар болса, олардың 19 000-ға жуығы «Алтын алқа» иегері.
Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде ана мен бала қамқорлығына, олардың денсаулығына айрықша көңіл бөлінуде. Әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға баса мән беріледі. Әлеуметтік көмектер көлемі жыл санап өсуде. Бұл жұмыстар біздің облысы- мызда да жүйелі жүзеге асуда. Көктемнің осынау тамаша күнінде Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға шаттық пен амандық тілеймін! – деді облыс әкімі.
Жиынға қатысушы ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектер де ұлттық салт-дәстүрдің өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі ерекше маңызы мен рөлі туралы орамды ойларын ортаға салды.
Ал Қазақстанның Халық әртісі Мәкен Рахымжанова, «Құлан нұры» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытгүл Мырзалиева және Абай атындағы Жамбыл жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Айсұлу Тұрымбек әйелдер қауымына мерекелік ізгі тілектерін арнады.
Басқосу барысында бірқатар аналар, қыз-келіншектер «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев 3 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 3 анаға «Күміс алқа» төсбелгісін табыс етті.
Аналар өз кезегінде өзекті мәселелеріне көңіл бөліп, қолдау көрсеткені үшін облыс басшылығына алғыстарын білдірді.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.