Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ақсай» базарындағы өрт ауыздықталды

0 315

Тараз қаласының Әл-Фараби көшесісі, 7/1 мекендайында орналасқан «Ақсай» базарының 2-қабатында өрт шыққан болатын. 1 050 шаршы метрді шарпыған тілсіз жау шатыр және 44 бутиктке зиян келтірген.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің берген мәліметіне сәйкес, сауда орнындағы өрттен зардап шеккендер жоқ. От ошағы сағат 14-29-да оқшауланып, сағат 14.56-да толықтай сөндірілген.

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер жану орнында қайта тұтануды болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізуде. Әзірге қызыл жалынның не себепті тұтанғанын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін сот арнайы экспертиза тағайындалған. Төтенше жағдай орын алған нысан аумағында департаменттің 64 қызметкері және 17 бірлік техника жұмыс істейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.